Бай адам – нағыз досы бар адам

Published 17.05.2016 by zhubanysh

Бүгін бізде Асхат ағайымыздың сабағынан қорытынды емтихан. Семестр бойы үйреткендерін нәтижелеп көрсетуіміз керек. Блог жазу үшін ағай 3 тақырып дайындапты. Соның екеуі негізгі тақырып, ал соңғысы еркін тақырып екен.

Көптен бері досымды сағынып жүр едім. Бүгін сол сағынышымды бөлісіп, шер тарқатқым келді де, еркін тақырыпты таңдадым.

Әр адамның өмірде өзіне жақын бір досы болады. Сол достың өмірде қандай орын алатыны адамның өзіне байланысты. Ал менің ең жақын досым – Ұлболсын. Мен оның шынайылығын мен адалдығын бағалаймын.

4

«Бай адам ақшасы көп адам емес, нағыз досы бар адам.»

Read the rest of this entry →

Бақытты еттіңіз бе басқа жанды?

Published 22.04.2016 by zhubanysh
IMG_4295

11-сынып  оқушысы Махаббат)) мұрағаттан

 

Суреттерді қарап та бірге түскен,
Кездерімді ойлап та бірге жүрген.
…..Ауырады «кеудемнің сол жақ тұсы».
Бақытымды сағынып сізді сүйген,
Жүзіңізді көп аңсап маған күлген.
…..Ашылады, бұрынғыыы жүрек мұңы.

Read the rest of this entry →

Балалар үшін мобильді «ойыншық»

Published 14.04.2016 by zhubanysh

This slideshow requires JavaScript.

 

 

СДУ-да 14-16 сәуір күндері INFORMATIX 2016 жобасы өтеді.  Жоба туралы мен белгілеген сайттан толығырақ біле аласыздар.

Ал енді осы жобада менің көзіме түскен Тараз қаласының № 40 гимназия оқушысы Бәйімбетова Сәбина.

Ол жасаған құрылғы «Super car» деп аталады. Енді құрылғымен таныстыра кетейін.

Read the rest of this entry →

Маклюбені дайындаймыз

Published 23.03.2016 by zhubanysh

image

Кеше Астанадан, Өскеменнен сыныптастарым келіп, бас қосып едік.  Кешкі асқа араб тағамы маклюбе дайындағанымыз дұрыс шығар деп, іске кірістік. Үйде бас аспаз әдеттегідей Нұржанның үлкен қызы. Бас аспазымыздың маклюбені дайындау тәсілімен бөліскім келіп отыр.

Керекті азық-түліктер:

Сиыр еті – 1 кг;

Пияз – 2 дана;

Картоп – 3 дана;

Сәбіз – үлкен болса 2, кіші болса 3 дана;

Күріш – қалауыңызша (адам санына қарай);

Салат үшін:

Қияр – 0,5 кг;

Қызанақ – 1 кг.

3 литр айран (қою емес, майлылығы 3,2%-дан аспауы керек)

Алдымен көкөністерлі тазалап, жуып , дөңгелек қылып кесіңіз.  Етті майға (көбірек болғаны дұрыс) қуырып, қызарған соң бетін жауып қойыңыз. Отын бәсеңдетіңіз(өте төмен болмасын). Сосын әр көкөністі бөлек-бөлек басқа ыдысқа қуырып аласыз(күйіп кетпеуін бақылаңыз). Оны болған соң, еттің үстіне пиязды реттеп орналастырыңыз, тұз себіңіз , сосын картопты реттеп орналастырыңыз,тұз себіңіз, сәбізді реттеп орналастырып тұз себіңіз. Сосын күрішті мұздай суға жуып алып, сәбіздің үстіне салыңыз. Сосын күріштен 5-6 см жоғары болатындай қайнаған су құйыңыз. От сол қалпында қалуы керек. Өте төмен де емес орташа да емес,екеуінің ортасында болу керек.

Жарты сағатта немесе 40 минутта дайын болады.

Піскен соң дәл суреттегідей орналастырыңыз.

Ас болсын!

Гүл сыйлаған дұрыс па?

Published 22.03.2016 by zhubanysh

 

Әдетте, қыздар сыйлыққа гүл алғанды ұнатады. Алайда, гүлді ұнатпайтын нәзік жандылар да бар. Гүлге аллергиясы бар сұлулар да жоқ емес. Гүл таңдаған кезде кімге сыйлайтыныңызды және оның қандай гүлді ұнататынын ескеріңіз. Безендіруіне де мән беріңіз, себебі ол гүлге сән береді. Сонымен қоса, гүлдердің түсі өзара үйлесім табуы тиіс.